Neotech Kz компаниясының тарихы

Опубликовано: 06.01.2019

2005 жылы Алматыда Неотэк компаниясының Қазақстан Республикасындағы аймақтық өкілдігінің бірінші офисі ашылды. Неотэк Kz халықаралық аударма компаниясының өмірінің тарихы сол сәттен басталды. 

Офис ашылмастан бұрын ұзақ уақыт дайындық жұмысы атқарылды. Әуелі, толық өкілдікті құру идеясы 2003 жылы Ресейдегі Неотэк Техникалық Құжаттама Бюросының (ТҚБ) кейбір тапсырма берушілері өз бизнесінің аймағын кеңейту және Қазақстан Республикасында өз өкілдіктерін ашу ниетін білдіргеннен кейін туды. Олардың барлығы басқа географиялық аймақта Неотэк компаниясымен өз ынтымақтастығын жалғастыру ниетін білдірді. Олардың тілегі компанияның басшылығын Қазақстанда өз өкілдігін ашу керектігіне итермеледі. Сол үшін бұл елді және оның ерекшелігін зерттеуге қажеттілік туды. Бизнес атқару ауқымы, сол аймақта өз өкілдігін ашу жөнділігі, офис тек Ресейдекі өз тапсырма берушілерінің бөлімшелеріне қызмет ете ме немесе басқа тапсырма берушілерді іздеу және олармен жұмыс істеумен айналыса ма, аймақта қандай қызметтер керек болады, компанияның офисінің ұжымы қалай және кімдерден құрылады, соның ішінде штатта және штаттан тыс қанша қызметкер болады деген бірнеше маңызды сұрақтарға жауап беру үшін бір жарым жылдан астам уақыт керек болды.

Нарықты бақылау, Қазақстан нарығында жетекші қатысушылар болған компаниялардың мамандарынан бірнеше рет сұрақ алу, кеңседегі зерттеулер сұрақтардың көпшілігіне, соның ішінде «Қазақстанда Неотэк болуы керек пе?» деген сұраққа да, жауап берді. Содан кейін Алматыдағы офис 2005 жылдың қазаң айында салтанатты түрде ашылды. Дәл сол күні интернет жүйесінде өкілдіктің бірінші сайты іске қосылды. «Бизнес басталуы туралы неге былай жарияланды?» деген сұраққа Неотэк өкілдері былай жауап берді: «Біз алдымызға жергілікті тапсырма берушілерге керекті қазіргі жоғары технологиялық компанияны құру мақсатын қойдық. Біз Қазақстандағы бизнес-қоғамдастықтың өз стилі мен ерекшелігіне үйреніп қалған өкілдерімен диалог жүргізгіміз келеді».      

2005 жылы Neotech Kz компаниясының тапсырма берушілерінің бірі үшін тапсырма берушінің аударма қызметіндегі мамандарды тексеру жөніндегі көпдәрежелі бағдарлама әзірленіп, жүзеге асырылып, тренингтер жүргізіліп, әрі қарай оқутудың тәсілдері мен ұсыныстары жетілдірілді. Осы және басқа ынтымақтастықтардың жетістікті тәжірибесін талдап, Неотэк ТҚБ-сы Gain & Share деген тұрақты бағдарламаны іске қосу туралы жариялады. Сол бағдарлама өз тапсырма берушілерінің ішкі-корпоративтік аударма қызметтерін құру және жетілдіру арқылы, оларға көмектесуге және оларды қолдауға арналған. Тапсырма берушілер үшін консалтинг қызметтерін атқару, жұмыс жасайтын аймағына қарамастан, Неотэк компаниясы қызметтерінің тізімінде жаңа бағытқа айналды. Бұл жұмыс бүгін де жалғастырылып жатыр.

2006 жылдың қантар айында Неотэк компаниясы басшылығының Алматыға болған жұмыс сапарының барысында , басқа артықшылықты мақсаттармен қатар, кадр саясаты да ең маңызды мәселе деп аталды. Сол сәттен бастап жергілікті атқарушылардың базасын құру жөніндегі тұрақты жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс бірнеше бағытта атқарылуда: жетекші бұқаралық ақпарат құралдарындағы модульдық жарнама, мамандарды жүйелі тарту жұмысы, көрмелердегі семинарлар, мүдделі мамандарды аудармашылықтың жеке технологияларына оқыту. Сол кезде басталған жұмыс тек Қазақстандағы офисті мамандармен қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешуге емес, сондай-ақ өте бір жауапты және маңызды мақсатқа қол жеткізуге бағытталған. Ол мақсат – Қазақстандағы мамандардың дәрежесін, келешекте әр маман жоғары деңгейде атқаратын жұмыстардың күрделілігі мен тақырыбын анықтайтын сертификациялау жүйесін жетілдіру.

KIOGE-2006 көрмесіне қатысу . Көрмеде Неотэк ТҚБ-сының бас редакторы Александр Поддубный « Gain & Share – серіктестіктің жаңа сапасы. Лингвистикалық қолдау саласындағы тәжірибені тарату» дегенбаяндамамен шықты. Аталған тақырыптың таңдалуы кездейсоқ емес. Өйткені, ол Неотэк компаниясының мүдделі мамандары мен тапсырма берушілері үшін жалпы компанияның, әсіресе оның Қазақстандағы өкілдігінің басшылыққа алатын принциптерін тұжырымдауға тиіс болды. Баяндамада Неотэк компаниясының өз атқарушыларына және компанияның тапсырма берушілері берген тапсырмаларға қойылған талаптарына ерекше көңіл аударылды. Баяндама жасалғаннан соң Неотэк компаниясының Алматыдағы офисі жергілікті мамандар дайындайтын арнайы мектеп құру туралы көп сұраным алды. Ол жоба компанияның келешекке болжалған жоспарында бар.  

2006 жылдың желтоқсан айы мен 2007 жылдың қантар айы аралығында Қазақстан Республикасындағы алғашқы ауқымды жарнама науқанының дайындалуы атқарылды. Бір жылдық жоспардың бірнеше ынталандыратын бағыттары болды: сыртқы жарнама, директ-маркетинг, баспасөздегі жарнама, қоғаммен байланыс, Интернеттегі жарнама, жарнама шаралары. «Тюбетейка» мейрамханалар жүйесіндегі және Алматыда орналасқан басқа көңіл көтеретін орындарындағы жарнама шаралары бір жылдық жарнама жұмыстырының жарқын аяқтамасы болды. Бұл науқан ойдағыдай атқарылды: қойылған мақсаттардың барлығы орындалып Neotech Kz бренді таныс болды. Науқан нәтижелерінің бірі Қазақстандағы жарнама саласында тиімді және пайдалы деген не, компанияға керекті мақсатты аудиториясындағы топтар түйсігінің ерекшеліктері деген не екені туралы тәжірибе болды.

2007 жыл бойы Neotech Kz компаниясы тұтынушылардың басқа сапалық деңгейдегі топтары үшін аудармалар атқару арқылы өз жұмысының салаларын маңызды түрде кеңейтті: тұтынушылар қатарына кіші және орта бизнестің өкілдері және жәке тұлғалар кірді. Бір реттік, содан кейін саны және көлемі көбейген жұмыстар сол аудиториямен жұмыс істеу үшін жеке бөлімшені құруға себеп болды. Нәтижесінде, компания қызметкерлерінің санын көбейту, тақырыптары мен тілдің бағыттары компанияның стандарт ұсынысының саласына қатысты емес жұмыстар атқаратындарды тарту жұмыстарын белсендіру керек болды.

2007 жылдың күзі KIOGE -2007 көрмесіне қатысу . Бұл жолы Неотэк компаниясындағы жетекші қызметкерлерінің бірі өз баяндамасын Қазақстандағы аудармашылық нарығының жағдайына, оның мүмкіндіктеріне және дамуының перспективаларына арнады. Компания сол бағытта көп жыл бойы жасалып жатырған мониторингтің нәтижелерін жариялады. Баяндама барысында Неотэк өз болжамдарын жасап Қазақстанда даму жөніндегі жоспарларын құлақтандырды. Neotech Kz офисі ескі мекен-жайындағы офис орталығының кең және жағдайлы орнына көшкен соң компанияның өз айналысының өсуі мен жоспарлы үдеуі жөніндегі жоспарының орындалуы басталды.

Қазақстандағы тұтынушылар талап ететін жаңа қызметтерді анықтау мақсатында 2008 жылдың қантар айында Неотэк ТҚБ-сы басшыларының Қазақстанға дәстүрлі сапарының барысында сұраныстар бойынша тұрақты мониторингтің басталуы жөнінде шешім қабылданды. Алғашқы нәтижелерді бағалаған соң, аударма қызметтеріне нотариалдық куәландыру қызметтері қосылуы керек деп анықталды да, ал көбейе беретін көптеген сұраныс бар екені Алматыда тапсырма қабылдайтын жаңа орындар ашылуы керектігі күн тәртібіне қойылды. Серіктестер іздеу және орналасудың оңтайлы мекен-жайын анықтау жөніндегі жұмыс басталды.

2008 жылдың сәуір айы 1000-шы тапсырма орындалуымен белгіленді. Компания сол көрсеткішті жоспарланған күнге алты ай қалғанда қол жеткізді (Neotech Kz қызметі басталғалы үшінші жыл аяқталуы үшін мына көрсеткіш ұнамды деп аталған болатын). Компания бұл жетістікке Қазақстандағы офистің жаңа тапсырма берушілер тарту жөніндегі белсенді саясаты, атқарушылардың базасын кеңейту және жаңа жарнама тәсілдерін пайдаланудың арқасында қол жеткізе алды.

2008 жылдың жазы . Алматыда Neotech Kz компаниясының екі жаңа офисі   нотариалдық кеңселердің жанында ашылды. Олардың мекен-жайлары: Мақатаев көшесі, 73/60 және Байзаков көшесі, 155. Алматыда компанияның орналасу географиясын кеңейту жөніндегі жұмыс жалғастырылып жатыр. Сол кездегі тағы бір маңызды оқиға – Neotech Kz компаниясының Қазақстан Республикасындағы Америка сауда палатасындағы толық мүшелігі басталды.

2008 жылдың қазан айы – KIOGE-2008 көрмесіне қатысу. Сол көрмеде мүдделі тапсырма берушілер және әлеуметті тапсырма берушілері үшін Neotech Kz аймақта компанияның орналасу жөніндегі болашақ жоспарын жариялады. Дегенмен, компанияның амбициялық жоспарлары қандай екенін Neotech Kz компаниясының тапсырма берушілері аңғармай қалмаған фирмалық стилінің новациялық өзгерістері арқылы көруге болады. Компанияның жаңа сайтын құру жөніндегі жұмыс та сол кезден басталды.

2009 жыл. Neotech KZ сайтында компанияның ақпараттық жүйесінің бір компоненті – ezTrack модулі жұмыс істей бастады. Клиенттер жұмыс жобалары аясындағы ұйымдастыру мәселелерін шешуге жұмсалатын еңбек пен уақыт шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік беретін жаңа ыңғайлы құралмен жұмыс істейтін болды.

Бұл құрал жұмыстың құны мен орындау мерзімін келісу тәртібін оңтайландыруға жүйеден аударылған құжаттарды дереу жүктеп алуға, бұрын аударылған құжаттардың мұрағатына кіруге, орындалған тапсырыстардың тізімін, құнын және егжей-тегжейлі мәліметтерін көрсететін есептер жасауға, on-line режимінде құжаттар аудармасының күйін бақылап отыруға көмектеседі.

2010 жыл. Neotech KZ Ресей мен ТМД елдері аумағындағы SDL компаниясының ресми өкілі болып табылатын «Т-Сервис» компаниясының серіктесі мәртебесіне ие болды. Ынтымақтастық мақсаты – Қазақстанның аударма нарығында SDL бағдарламалық өнімдерін таныстыру, мамандарды бағдарламамен жұмыс істеуге үйрету, өндіріс процесін оңтайландыру үшін жұмыста инновациялық технологияларды пайдаланатын кәсіби аудармашылар санын ұлғайту.

2011 жыл. «Неотэк» компаниясының оқу орталығы Қазақстан Республикасында аударма саласындағы мамандарға толық көлемдегі оқу курсын өткізді. Мұнай-газ саласындағы мәскеулік жетекші аудармашылардың бірі Валерий Афанасьев «Мұнай-газ саласындағы техникалық аударма ерекшеліктері» деп аталатын 5 күндік оқу курсын өткізді.

Оқу барысында қатысушылар – Қазақстан мен Тәжікстанның мұнай-газ саласындағы ірі компаниялардың аудармашылары – геология, ұңғыманы бұрғылау, мұнай және мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды шығару, дайындау және тасымалдау саласында білім алды. Тыңдармандан курстың тәжірибелік бөлігінде мұнай-газ құжаттарын аударған кезде жіберетін қателермен танысты және оларды аудару бойынша бірқатар жеке тапсырмаларды орындады. Осының арқасында әр қатысушы өзінің білім мен дағды деңгейін бағалауға және меңгерген материалды іс жүзінде бекітуге мүмкіндік алды.

2012 жыл. Neotech KZ компаниясы Алматы қаласындағы «Атакент» көрме кешенінде мерейтойлық 20-шы KIOGE көрмесіне қатысты. Көрмені өткізу барысында Neotech стендіне әртүрлі мұнай-газ компанияларынан жүзден аса өкілдер келіп қызығушылық танытты. Neotech қызметкерлері кәсіпорындарға лингвистикалық қолдау көрсету және аударма және локализациялау бөлімдерінің жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі сұрақтарға жауап берді. Техникалық аударма саласындағы үлкен тәжірибе Neotech өкілдеріне стенд айналасына әлемдік деңгейдегі сарапшыларды жинауға, аударма қызметі нарығындағы соңғы үрдістерді талқылауға және мұнай-газ секторындағы кәсіпорындардың аударма қызметтеріне деген қажеттіліктерін бірлесіп қарауға мүмкіндік берді.

2013 жыл. «Неотэк» компаниясы EN 15038:2006 «Аударма қызметтері — Қызметтерге қойылатын талаптар» атты бірыңғай еуропалық аударма қызметінің сапа стандартына сәйкестік бойынша аудиттен сәтті өтті, ол стандартты Еуропалық комиссия бекітіп, 2006 жылғы 1 тамызда қолданысқа енгізген болатын. Жаңа стандарт аударма жобаларын басқару, аудармаға дайындау, техникалық және лингвистикалық аспектілер, тікелей аудару процесі, аударманы редактордың тексеруі, қателерін оқып шығу, түбегейлі өңдеу және тапсырысты өткізу сияқты аударма қызметтерін көрсету үшін технологиялық процестерді егжей-тегжейлі анықтайды. Есте қаларлық жайт, стандарт тапсырыс беруші мен аударма қызметін ұсынатын жеткізуші арасындағы қарым-қатынас ережелерін де анықтайды әрі аударма компаниялары көрсететін бірқатар ілеспе қызметтерге қойылатын талаптарды да белгілейді.

2014 жыл. Neotech KZ пен ТМД аумағындағы SDL компаниясының ресми өкілі – «T-Cервис» компаниясы бірігіп, «Trados технологиясының 30 жылдығы» атты семинарды ұйымдастырып, өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар өткенге саяхат жасады, атап айтқанда: SDL компаниясының даму және қалыптасу жолы туралы білді, сондай-ақ Trados бағдарламасының даму эволюциясына шолу жасады. Іс-шараның маңызды әрі туашақ бөлігі SDL Trados Studio 2014 жүйесінің жұмысына арналған мастер-класс болды.

Клиент компания тарапынан «Неотэк» компаниясының сату және маркетинг жөніндегі директоры Юрий Пачко сөз сөйледі. Ол «Trados — лингвистикалық инжинирингті құруға және әрі қарай дамытуға берілген серпіліс» тақырыбындағы баяндамамен таныстырды.

Сол тарихты бірге жасайық!

rss